Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша.Сенбі күні Сирияның экономикалық астанасы —  Алеппоның батысындағы Миньян ауылында жұмысшылар мінген автобус минада жарылды. Бұл туралы Syria үкіметтік телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

Телеарнаның ақпараты бойынша, кем дегенде бір сириялық қаза болды. Тағы бірнеше адам жарақат алды, олардың барлығы жедел жәрдем көлігімен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендер жергілікті ағаш кесетін зауытта жұмыс істеген.

Телеарна нақтылағандай, жарылғыш затты осы аумақта бұрын әрекет жасаған лаңкестер орнатқан. Оның ақпараты бойынша, «Джабхат ан-Нусра» экстремистік тобының (Қазақстанда тыйым салынған) содырлары және басқа құрылымдар бұл аймақтан кетер алдында жолдар, жер телімдері, бақтар мен ғимараттарды миналап тастаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *