НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша.Сенбі күні Ауғанстанның солтүстігіндегі Тахар провинциясындағы Хаваджа-Гар аймағындағы армия бекеттеріне «Талибан» содырларының шабуылы кезінде бес әскери өлтірілді. Бұл туралы жергілікті шенеунік Мохаммад Омарға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі жазады.
Қаруланған содырлар сенбі күні таңертең аудандық штабтың сыртындағы Хава Шинаси аймағындағы бақылау-өткізу бекетіне шабуыл жасады, атыс басталды, деп мәлімдеді шенеунік. Ұрыс кезінде бес сарбаз қаза тауып, тағы бесеуі жараланғанын мәлімдеді.
Шенеунік тәлібтер де шығынға ұшырағанын айтты, бірақ ол нақты санды келтірмеді.
«Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) өкілдерінен әлі ешқандай түсініктеме түскен жоқ.