НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша.Аргентинаның қауіпсіздік күштері елдің солтүстігіндегі Мисионес провинциясындағы контрабандашылардан он тоннадан астам марихуананы тәркіледі, деп елдің қауіпсіздік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады.
Есірткі заттар иттердің көмегімен табылған, иттер тыйым салынған заттардың иісін сезіп қалған деп хабарланды. Тінту кезінде жүк көлігінен марихуананың ірі партиясы табылды, оның салмағы он тонна деп бағаланады. Контрабандашылар ұсталды.