Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ПАВЛОДАР, 15 қараша. Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы ғимарат аумағын қоршауға алып, жеті адамды эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

16 қараша күні сағат 10:10-де Павлодар қаласының полициясына «Сәтпаев көшесі, 25/1 мекенжайындағы ғимарат кез келген минутта жарылуы мүмкін» деген хабарлама келіп түскен. Бұл жайында журналистерге Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Осы дабыл бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы шығып, ғимаратты қоршауға алды.

Өңірлік ПД мәліметінше, жеті адам эвакуацияланды.

«Ғимарат және іргелес жатқан аумақ тексеріліп, күдікті немесе жарылғыш заттар табылған жоқ, қоңырау жалған болып шықты», – деді ақпарат көзі.

Полиция қызметкерлері аз уақытта күдіктіні анықтады.

«Ол Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансерінде есепте тұрған 41 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты» деп хабарлады құқық қорғау органдарында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *