НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша.Қаруланған содырлар тобы Нигерияның солтүстігіндегі Кадуна штатындағы мектепке шабуыл жасады, деп жергілікті полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады.
Қарулы адамдар Зария қаласындағы политехникалық колледж ғимаратына баса көктеп кірген деп хабарланды. Олар аспанға оқ атып, оқушылар мен мұғалімдерді қорқытты. Олар мұғалімдердің бірін ұстап алып, белгісіз бағытта алып кетті. Шабуыл салдарынан екі бала жарақат алып, ауруханаға түсті.
Бұған дейін REGNUM АА хабарлағандай, 13 қарашада Нигерия әскери күштері «Боко Харам» (Ресей Федерациясында қызметіне тыйым салынған ұйым) лаңкестер тобын жойды. Нигерия авиациясы содырлар лагеріне зымырандық шабуылдар жасағаны атап өтілді.