НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша. Трамптың Ауғанстан мен Ирактан әскер әкету нұсқауының Пентагонға жеткені және жоспар жасалып жатқаны хабарланды, деп TRT жазады.
Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамптың Ауғанстан мен Ирактан әскер әкету нұсқауының Пентагонға жеткені және жоспар жасалып жатқаны хабарланды.
Ирак пен Ауғанстандағы әскер санын 2500-ге төмендетуге байланысты бір АҚШ лауазым иесі: «Президенттің Ауғанстан мен Ирактан әскер әкету нұсқауы қатысты органдарда қаралуда. Қазір жоспарлау процесі жүріп жатыр» деді.
CNN телеарнасына мәлімет берген қорғаныс қызметкерлері екі елдегі әскер санын екі мың бес жүзге азайту нұсқауы берілгенін және осы міндеттің 15 қаңтар күніне дейін атқарылуы үшін жоспар жүріп жатқанын білдірген еді.
Америка Құрама Штаттарының Ауғанстанда 4500, Иракта болса үш мың әскері бар.