НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша. Солтүстік Ирландияның құқық қорғау органдары Бирмингемдегі сыраханаларда болған жарылыстарға қатысы бар деген күдіктіні қамауға алды, деп Sky News-ке сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады.
Телеарнаның хабарлауынша, бұл Терроризммен күрес заңы бойынша Белфастта қамауға алынған 65 жастағы ер адам болып шықты. Оның үйінде терроризмге қарсы қызметтің қызметкерлері тінту жүргізіп жатыр, ол жауап алуды күтуде.
Естеріңізге сала кетейік, 1974 жылдың 21 қарашасында Бирмингемдегі «Малберри Буш» және «Тэвёрн ин зе Таун» сыраханаларында жарылыс болды. Шабуылдар салдарынан 21 адам қаза тауып, 200-ге жуық адам жарақат алды. Лаңкестік әрекет бойынша Ирландияның республикалық армиясының мүшелері айыпталды.