Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сирияда КЖП мен ИМ қарсы күрес операциялары жалғасуда

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша. «Евфрат қалқаны» операциялық аймағында PKK/PYD/YPG және ИМ-нің   3 мүшесі ұсталды, деп TRT хабарлайды.

Сирияда «Евфрат қалқаны» операциялық аймағында Әл-Баб және Желабрус қалаларында КЖП мен ИМ-нің 3 мүшесі ұсталды.

Газиантеп губернаторлығы мәлімдемесінде Әл-Баб пен Жераблус қалаларындағы жергілікті қауіпсіздік күштеріне губернаторлық координациясында кеңесшілік қызметі берілгені еске салынды.

Мәлімдемеде «Манбидж аймағында 2014-2016 жылдары арасында ИМ ұйымына мүше болған және 2016 жылдан бастап КЖП ұйымына қосылғаны анықталған Г.Х. атты террорист Әл-Бабқа қарасты Бзаа-Рази аумағында қауіпсіздік күштерінің бір үйге жасаған операциясында ұсталды. Аталмыш ұйым мүшесі екені айқындалған М.Х. атты бір террорист болса Әл-Вилат аумағында тұтқындалды. Жераблус қаласында террор ұйымы ДАИШ-ке мүше M.Э.M. атты бір террорист ұйымның құпия үйлерінің бірінде қолға түсті. Үйдегі іздестіру жұмыстары кезінде көптеген қару мен ұялы телефон тәркіленді» делінді.

Ұлттық Барлау ұйымының Ирактың солтүстігінде жүзеге асырған операциясында іздеу салынған террористтер тізімінде орын алған PKK террор ұйымының Синджар кеден жауапкері Ирфан Акджан залалсыздандырылды.

Мардинде болса КЖП ұйымының мүшелері қолданған бір үңгірде күнделікті тіршілік материалдары анықталды.

Ішкі қауіпсіздік операциялары аясында Қалалық Жандармерия қолбасшылығы тарапынан Өмерян ауылдық аймағында «Шәйіт Жандармерия сержанты Мехмет Аджар операциясы» жасалды. Операция барысында жер астына ашылған қақпағы тастармен жабылған бір баспана табылды.

Баспанадағы іздестіру жұмыстарында террористтерге тиесілі киімдер, жеке гигиеналық материалдар мен әртүрлі азық-түлік материалдары тәркіленді. Дәлел іспеттес материалдар қорғауға алынып, қалған материалдар жойылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *