Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қостанай облысында қызметтік иттердің көмегімен 54 есірткі қылмысына қарсы дерек анықталды

ҚОСТАНАЙ, 18 қараша.  Қостанай облысы полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығы өткен 10 айдың жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда Қостанай облысы полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында 28 қызметтік ит бар. Олармен 12 кинолог жұмыс істейді.

Ал жалпы облыста қызметтік иттердің саны 70-тен асады.

Иттер адамның ізін білуге, жарылғыш заттарды, сондай-ақ есірткі заттарын іздеуге үйретілген. Сонымен қатар, олар одорологиялық жұмыстар, яғни иістерді зерттеуге жұмылдырылған.

Қызметтік иттердің жұмысы жоғалған адамдарды табуға ғана емес, сонымен қатар қылмыстарды ізін суытпай ашуға көмектеседі.

Мысалы, 2020 жылдың 10 айында қызметтік иттердің көмегімен 474 қылмыс ашылды.

«Жалпы Қостанай облысы ПД кинологиялық қызметінің мамандары қызметтік иттермен 5489 зерттеуді жүзеге асырды, оның ішінде 210-ы – есірткі қылмысына, 79-ы жарылғыш заттарды іздеуге қатысты. Криминалдық полицейлер қызметтік иттің көмегімен 54 есірткі қылмысына қарсы деректі анықтады» делінген полицияның баспасөз хабарламасында.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *