НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша. Белгісіз ер адам жұма күні Висконсин штатындағы Уоватос қаласындағы сауда орталығынын бірінде оқ жаудырды, сегіз адам жарақат алды. Бұл туралы жергілікті полиция департаментінің Twitter-дегі парағында жарияланған мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды ТАСС .
Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жатқызылды. Олардың арасында жеті ересек адам мен жасөспірім бар.
Атушының жеке басы әлі анықталған жоқ. Полиция келген кезде ол оқиға орнынан кетіп қалған. Құқық қорғаушылар қылмыскерге іздеу салды.