НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша. Марокко полициясы елдің ең ірі қаласы Касабланкада 2,36 тонна марихуана тәркіледі. Бұл туралы жұма күні Корольдіктің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бас басқармасы мәлімдеді, деп хабарлады Синьхуа агенттігі .
Мекеме мәлімдемесінде айтылғандай, Касабланка портында жоспарлы тексеру барысында полицейлер теңіз арқылы Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерінің біріне жіберуге дайындалған бес контейнерден 2,36 тонна марихуана тапты
Құқық қорғау органдары бұл істі тергеуді жалғастыруда.
Еске салайық, Марокконың кейбір аймақтарында каннабисті заңсыз өсіруге байланысты қиын жағдай туындап отыр, марихуананың көп бөлігі контрабанда жолымен Еуропаға жеткізіледі. Соңғы онжылдықта корольдіктің қауіпсіздік органдары есірткі өсіруге және есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейтті. Атап айтқанда, тек 2019 жылдың өзінде 179 тоннаға жуық марихуана тәркіленді.