Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Допинг операциясы: Төрт күнде 5 мыңнан астам есірткі ампуласы тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша. 16-20 қараша күндері полиция қызметкерлері республика бойынша «Дәрмек» (Допинг) жедел алдын алу шарасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара барысында полиция қызметкерлері есірткі, психотроптық және прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы құқықбұзушылықтарды анықтады.

«Бұл операцияның мақсаты – есірткі құралдарымен, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзғандарды, фармацевтикалық қызмет қағидаларын және есірткі айналымы саласындағы үй-жайларға арналған талаптарды бұзу фактілерін анықтау болды. Нәтижесінде 5 мыңнан астам есірткі ампуласы, шамамен 300 ампула мен психотроптық заттардың таблеткалары тәркіленіп алынды. Әкімшілік жауапқа 63 адам тартылды», — деді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз министрлікте өткен онлайн брифингте.

Айта кетейік, 26 қараша күні ҚР Ішкі істер министрлігі, аумақтық органдар мен ішкі істер бөлімшелері және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері алғаш рет ZOOM платформасы арқылы азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін өткізеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *