НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша. Ирактың Анбар провинциясында ДАИШ содырлары полиция қызметкерлері мінген көлікке шабуылдады, деп TRT хабарлайды.
Анбар провинциясының орталығына қарасты Саккар аймағында 3 полиция қызметкері мінген көлікке ДАИШ (ҚР тыйым салынған ұйым) ұйымының содырлары шабуыл жасады.
Анбар Полиция дирекциясынан жасалған мәлімдемеде Полиция жүзбасы Ахмед Дулейми лаңкестердің 3 полиция қызметкерін өлтіріп, көлікті өртегендерін, өртеуге тырысқандары бір танкердің де жүргізушісін алып қашқандарын атап көрсетті.
Ахмед Дулейми жүргізушінің жағдайының белгісіз екенін мәлімдеді.