Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Павлодар облысында діни сипаттағы әдебиеттерді сатқан азаматтар жауапкершілікке тартылды

ПАВЛАДАР, 23 қараша. Павлодар облысының полицейлері тиісті рұқсатсыз діни кітаптар сатқан жергілікті тұрғындарды әкімшілік жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Екібастұз қаласының полицейлері 32 жастағы қала тұрғынын ұстады, ол интернеттегі сайттардың бірінде діни әдебиеттер сату туралы хабарландыру берген. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды заңсыз таратқаны үшін ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабының 1-бөлігі (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Сондай-ақ Павлодар қаласында 56 жастағы ер адам интернет-ресурстар арқылы діни әдебиеттер сату туралы хабарландыру берген, ер адамға қатысты материал сотта қаралып, оған 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды, – деді Экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Жанат Слямов.

Полиция қызметкерлері діни сипаттағы әдебиеттерді тарату және сату үшін тиісті рұқсат қажеттілігі туралы түсіндірді.

Биыл Павлодар облысының полицейлері діни қызмет туралы заңнаманы бұзудың 16 фактісін анықтады, оның ішінде заңсыз миссионерлік қызмет, экстремистік материалдарды сақтау, тіркелмеген діни бірлестік құру және оған басшылық ету, діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды заңсыз тарату фактілері бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *