Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ирактың солтүстігінде аса қауіпті КЖП-ның террористі залалсыздандырылды

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша. Ирактың солтүстігінде содырлардың Сирияға жіберуін қадағалаған «Дыхлаз» лақап атымен белгілі КЖП-ның лаңкесі Хизрет Чалкын залалсыздандырылды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды.

Ирактың солтүстігінде содырлардың Сирияға жіберуін қадағалаған «Дыхлаз» лақап атымен белгілі КЖП-ның лаңкесі Хизрет Чалкынның көзі жойылды.

Қауіпсіздік дереккөздерінің хабарлауынша, бұл операцияға Түркияның Ұлттық барлау ұйымы (MİT) қолдау көрсеткен.

Хизрет Чалкын Түркия ішкі істер министрлігінің іздеуде жүрген террористерінің «сұр тізімінде» болған. Ирактағы террористік кездесу кезінде мақсатты соққымен жойылды. Лаңкестердің Ирактың солтүстігінде жиналыс барысында ұйымдастырылған операцияда Чалкын мен жанындағы лаңкестер залалсыздандырылды.

Чалкын 2011 жылы КЖП-ның қатарына қосылды. 2014 жылға дейін ол Түркияда қылмыстық әрекеттерді жүзеге асырды, кейін Сирияға қашып, Айн-әл-Араб аймағындағы лаңкестер қатарына қосылды.

2017 жылға дейін ол Расулайндегі «Артиллерия дивизионының» қызметін басқарды.

2017-2019 жылдары ол Софи Нуреттин және Музаффер Аятамен тығыз ынтымақтастықта қылмыстық әрекеттерді жүзеге асырған.

2019 жылдан бастап ол лаңкестердің Ирактан Сирияға жіберілуін қадағалады.

Президент Режеп Тайып Ердоған 1984 жылдан бастап PKK содырлары Түркияда қанды қылмыс жасағаннан бастап, 2020 жылдың наурызына дейін 7500 түрік қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері мен 6800 бейбіт тұрғын осы қанды ұйымның қолынан қаза тапқанын айтты.

АҚШ пен Еуропа Одағы PKK-ны лаңкестік ұйымдар тізіміне енгізді.

Анкараның жағдайды шешу жолдарын іздеуге тырысқанына қарамастан, РКК лаңкестік ұйымы 2015 жылдың шілдесінен бастап қарулы шабуылдарды қайта бастады.

Сирияда РКК лаңкестері PYD және YPG аттарымен жамылып жүр, ал соңғы екі жылда өздерін «Сирия Демократиялық Күштері» деп атады.

Иранда РКК «Күрдістанның еркін өмір партиясы» (PJAK) ретінде әрекет етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *