НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша. Ауғанстанның Бамиан қаласында болған екі жарылыс салдарынан кем дегенде 17 адам қаза тауып, 50-ден астамы жараланды, деп Tolo News-ке сілтеме жасап REGNUM АА хабарлайды.
Елдің Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, екі магниттік бомба Бамиян қаласындағы базарда атылған.
Әзірге бірде-бір үкіметке қарсы немесе радикалды топ бұл жарылыстар үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.
REGNUM АА хабарлағандай , Ауғанстанда үкіметтік күштер мен «Талибан» (ҚР тыйым салынған ұйым) арасындағы қарама-қайшылықтан басқа, «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының (ҚР тыйым салынған ұйым) ықпалы күшейді.