Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

АҚШ тұрғыны ИМ атынан лаңкестік шабуылдар жасау қастандағын мойындады

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша. Оңтүстік Каролина тұрғыны «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының атынан АҚШ-та және шетелде лаңкестік шабуылдар жасау үшін астыртын сөз байласқанын мойындады, деп хабарлайды РИА Новости АҚШ Әділет министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Әділет министрлігінің мәліметінше, 34 жастағы Кристофер Шон Мэттьюс (Али Джибрил атымен белгілі) ИМ-не (ҚР-да тыйым салынған ұйым) қолдау көрсету мақсатында жасалған қастандықты мойындады. Мэттьюс 2019 жылдың мамыр айынан бастап Техастың 22 жастағы тұрғынымен ел ішінде және шетелде лаңкестік шабуылдарды ұйымдастыру үшін бомба жасау туралы ақпаратпен бөлісу туралы келісімге келгенін айтты. Ол сондай-ақ, басқа адамдарды радикалдандырып ИМ қолдауға тарту керек екенін мойындады.

Ассошиэйтед Пресс агенттігінің мәліметінше, Мэтьюз Ақ үй мен Нью-Йорктегі Trump Tower мұнарасына шабуылдар жасауды жоспарлағанын мойындаған.

Әділет министрлігі айыпталушы 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін деп мәлімдеді. Үкім 2021 жылдың 4 наурызында Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында шығарылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *