НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша.Бразилияда, Еуропа мен Азия елдерінде әрекет ететін есірткі картеліне қарсы бұрын-соңды болмаған арнайы операцияның нәтижесінде 26 қараша, жұма күні полиция 45 тұтқындауды жүзеге асырды. Олардың көпшілігі Бразилия, Испания, Бельгия және Дубайда, деп хабарлайды Deutsche Welle .
Гаагада өткен баспасөз мәслихатында Еуропол (Еуропалық Одаққа мүше елдердің полиция қызметтерінің жұмысын үйлестіретін ұйым) өкілдері хабарлағандай, операция барысында 1000-ға жуық полиция қызметкерінің қатысуымен 180 мекен-жай бойынша тінту жүргізілді. Еурополдың мәліметтері бойынша, бұл Бразилия полициясымен 2017 жылы осы елмен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғаннан кейінгі ең ірі бірлескен операция болды.
Оңтүстік Америка елінің аумағында жүргізілген тінту нәтижелері бойынша полиция 37 ұшақ пен 160 жылжымайтын мүлікке тыйым салды. Сонымен қатар, полиция Бразилияда, Бельгияда және Испанияда қылмыскерлерден 37 сәнді көлікті, ал Португалияда 12 миллион еуроны қолма — қол ақша тәркіледі.
Халықаралық құқық қорғау органдарының бағалауы бойынша, 26 қараша күні ықтимал мүшелері ұсталған есірткі картелі жыл сайын теңіз арқылы Еуропаға кемінде 45 тонна кокаин әкеледі. Жарты жылда бұл қылмыстық ұйым шамамен 100 миллион еуро табады, деп атап өтті Еуропол.