НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша.Лаңкестер арнайы жасақ бөлімшелері орналасқан ғимарат маңында миналанған «Хаммерді» жарып жіберді, деп Анадолу агенттігі хабарлайды.
Ауғанстанның Газни қаласында 31 адам лаңкестік шабуылдың құрбаны болды, тағы 24-і жарақат алды.
Tolo news Газни губернаторы әкімшілігінің баспасөз хатшысы Вахидуллах Джумазадаға сілтеме жасап хабарлағандай, лаңкестер арнайы күштер ғимараттың жанында миналанған «Хаммерді» жарып жіберген.
Шабуыл үшін жауапкершілікті ешқандай топ өз мойнына алған жоқ.