Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нигерияның солтүстік-шығысында 44 фермер «Боко Харамның» құрбаны болды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша.«Боко Харам» лаңкестері Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штатындағы фермерлерге шабуыл жасады, 44 адам қаза болды, көбі жарақат алды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға Гарин Квашебе ауылында орын алды, күріш алқабындағы фермерлерге шабуыл жасалған.

Оқиға орнына қосымша күштер жіберілді.

«Боко Харам» Нигерияда 2000-шы жылдардың басынан бастап әрекет етеді. 2009 жылдан бері 20 мыңнан астам адам лаңкестік ұйымның құрбаны болды.

«Боко Харам» 2015 жылдан бері Камерун, Чад және Нигерге шабуылдар жасап келеді. Чад көлі аймағында лаңкестердің құрбаны кем дегенде екі мың адам болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *