НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша.Ауғанстан — 2019 жылы терроризмнен ең көп зардап шеккен мемлекет. Бұл туралы Халықаралық экономика және бейбітшілік институты (IEP) (штаб-пәтері Сиднейде) жариялаған Global Terrorism Index 2020 аналитикалық есебінде айтылған, деп жазады Анадолу агенттігі.
IEP әлемнің 163 елінде 2019 жылы болған оқиғаларды талдады.
Есепке сәйкес, Ауғанстан, 2018 жылғыдай терроризмнен ең көп зардап шеккен ел болып қала береді.
Жалпы әлем бойынша 138 826 адам террористік шабуылдардың құрбаны болды. Сонымен бұл санның 5725 адамы Ауғанстанда, бұл 41 пайызды құрайды. Өткен жылы Ауғанстанда болған шабуылдарда 6221 адам зардап шекті.
Есепке сәйкес, 2019 жылғы ең қанды террористік шабуылдардың жиырмасынан жетеуі Ауғанстанда болды.
493 адамның өмірін қиған бұл шабуылдардың бесеуін «Талибан*» қозғалысының содырлары, екеуін ИМ* лаңкестері жасады.
Есепте «Талибан» қозғалысы «әлемдегі ең қырғын террористік ұйым» ретінде танылды.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2019 жылы Ауғанстандағы террористік шабуылдар құрбандарының 87 пайызы (4 990 адам) – «Талибан» қозғалысының әрекеті.
«Талибан» қозғалысы, ИМ – ҚР қызметіне тыйым салынған ұйымдар