Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркістан облысының полицейлері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 400-ге жуық дерек тіркеді

ТҮРКІСТАН, 30 қараша. Түркістан облысында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 400-ге жуық жайт тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында ПД-нің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен 2020 жылдың 10 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 383 дерек тіркелді, оның ішінде 186-сы қылмыс және 197-сі қылмыстық әрекеттер. Нақтырақ айтсақ, есірткі сату – 61, аса ірі көлемде есірткі сақтау – 20, есірткі контрабандасы – 29, есірткі өсімдігін заңсыз егіп-өсірудің 75 дерегі анықталды. Сондай-ақ, заңсыз айналымнан жеті тоннаға жуық есірткі заты тәркіленді. Сотқа 154 іс жолданып, 147 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Мәселен, ЕҚҚІҚБ-ның қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қараша айында Мақтаарал ауданының тұрғыны 6 гр есірткі заты “марихуананы” сатқаны анықталып, құрықталды. Әрі қарай үйіне тінту жүргізу кезінде сегіз дана сіріңке қорабы және қағазға оралған жалпы салмағы 21 гр марихуана тәркіленіп алынды. Күдікті қамауда.

Одан бөлек, Келес ауданында да тұрғынның бірі 6 гр марихуананы сатқаны анықталып, құрықталды. Тінту жүргізу кезінде оның үйінен бір дана қағазға оралған салмағы 23 гр-нан асатын марихуана есірткі заты тәркіленіп алынды. Күдікті қамалды.

Сонымен қатар Төлеби ауданының тұрғыны да есірткі сатып, ұсталды. Бас шарасы қамауда. Аталған қылмыстық істерге қатысты тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 297-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтардың жат әдеттерден сақтанып, спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануы керектігін ескертеді. Ал, денсаулығына зиян келтіретін заттарды (ішімдік, есірткі, құмар ойындар) қолданса, өз өмірімен қатар қоғамға да кесірін тигізеді. Сондай-ақ, заң алдында әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *