НҰР-СҰЛТАН, 02 желтоқсан. Халықаралық Полиция ұйымы Интерпол тарапынан қызыл бюллетеньмен ізделген террорлық ұйым PKK мүшесі бір террорист Шанлыурфаның Жейланпынар ауданында ұсталды, деп TRT хабарлайды.
Қалалық полиция дирекциясына қарасты Терроризммен күрес және барлау филиалының қызметкерлері бір күдіктінің ізіне түсті. Бұл күдікті террорлық ұйым PKK/KCK-PYD/YPG атынан Сирияға Түркияға жасалған шекарадан заңсыз өтулерді ұйымдастырғаны, қару, жарылғыш материал, оқ-дәрі секілді жадбықтарды қамдағаны анықталды.
Полиция қызметкерлері осы күдіктінің Интерпол тарапынан қызыл бюллетеньмен ізделген террорист екенін анықтады. Оны Түркияның әділет органдары да «қарулы террорлық ұйымға мүше болу» қылмысынан іздеп жүрген.
Жейланпырандағы далалық жерде ұсталған террорист қамауға алынды.