Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нигерияда «Боко Харам» ұйымына қарсы операция жүргізілді

НҰР-СҰЛТАН, 03 желтоқсан. Нигерияның солтүстік шығысындағы террор ұйымы «Боко Харамға» қарсы ұйымдастырылған операцияда ұйымның лагері бомбаланды. Бомбалауда көптеген террорист залалсыздандырылды, деп TRT хабарлайды.

Нигерия Қорғаныс министрлігі мәлімдемешісі Джон Эненче баспасөзге жасаған мәлімдемесінде Борно уәлаятының Забармани аймағында апта аяғында жасалған қарулы шабуылдан кейін армияның Самбиса орманында террористтерге қарсы әуе операциясы ұйымдастырғанын білдірді.

Эненче операцияда ұйымның лагерьлерінің жойылғанын, көптеген террористтің залалсыздандырылғанын хабарлады.

«Боко Харам» террор ұйымы сенбі күні Борно уәлаятына қарасты Забармани аймағына шабуыл жасады. Бұл шабуылда ұйым 79 адамды өлтірген және көптеген әйелді алып қашқан.

Нигерияда  2000 жылдары басында пайда болған «Боко Харамның»  2009 жылынан осы таңға дейін ұйымдастырған шабуылдарда 20 мыннан астам қаза тапты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *