НҰР-СҰЛТАН, 04 желтоқсан. Венаның қылмыстық істер жөніндегі жер соты бейсенбі күні Ирактан келген 44 жастағы ер адамды Германиядағы ICE жүрдек пойыздарына қарсы террористік шабуыл жасауды жоспарлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Австриялық баспасөз агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
Ер адам 2018 жылы Германияда жүрдек жолаушылар пойыздарын рельстен шығаруға тырысқан әрекеті үшін кінәлі деп танылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Сот экстремистің «Ислам мемлекеті» террористік тобының (Қазақстан Республикасында тыйым салынған) атынан әрекет еткендігін анықтады. Шабуылдар теміржол бойында созылған болат кабельдердің көмегімен жасалуы керек еді. Пойыздардың бірі жылдамдықпен келе жатып металл құрылымын бұзған.Бас вагонның сырты зақымданды, осылайша апаттың алды алынды. Бұл шабуылды ұйымдастыруға қатысы бар деп күдіктелген экстремистің әйелі кінәсіз деп танылды.