Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ирактың солтүстігінде ДАИШ-тың алты баспанасы жойылды

НҰР-СҰЛТАН, 06 желтоқсан. Ирактың федералды полициясы Киркукта терроризмге қарсы операция жүргізуде, деп Киркук полициясының бастығы Али Кемалға сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды.

Ирактың солтүстігіндегі Киркук провинциясындағы Гарха алқабында ДАИШ террористерінің алты баспанасы жойылды.

Кемалдың айтуынша, операция Киркуктың оңтүстігіндегі Ар-Рашад елді мекенінің маңында жүргізілуде.

Террористердің баспанасынан көптеген қару-жарақ, оқ-дәрілер мен тұрмыстық заттар тәркіленді.

Аймақта федералды полиция операциясы жалғасуда.

2014 жылдың маусымында ДАИШ террористері Мосул қаласын, Салахаддин және Аль-Анбар провинцияларын, сондай-ақ Дияла және Киркук провинцияларының  бөлігін басып алды.

Келесі жылдар ішінде бұл аудандар террористерден босатылды.

Ирактың бұрынғы премьер-министрі Хайдар әл-Ибади 2017  жылдың 9 желтоқсанында ДАТШ-ты жеңгенін жариялаған.

Үш жыл өтсе де, ДАИШ Киркук, Дияла, Мосул, Салахаддин және Аль-Анбар провинцияларындағы ауылдарға шабуылдарын жалғастыруда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *