Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сириядан Өзбекстанға 100-ге жуық әйелдер мен балалар оралды

НҰР-СҰЛТАН, 08 желтоқсан. Сириядан Өзбекстанға арнайы әуе рейсімен соғыс аймағында қалған 98 отандасымыз – әйелдер мен балалар келді, деп РИА Новостиге сілтеме жасап Sputnik Өзбекстан хабарлайды.

Президент Шавкат Мирзиёевтің тапсырмасы бойынша 25 әйел мен 73 бала өз отанына оралды.

Барлық қайтарылған азаматтарға қажетті медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіледі, олар үймен қамтамасыз етіледі, әйелдер жұмыспен қамтылады, балалар балабақшалар мен мектептерге жіберіледі.

Бұл Өзбекстан билігінің осындай үшінші акциясы. 2019 жылы Өзбекстан билігі Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыстар аймағынан 220 отандастарын, негізінен әйелдер мен балаларды қайтару үшін екі гуманитарлық акция өткізді.

Екі миссия да Мирзиёевтің тапсырмасы бойынша БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) және Халықаралық Қызыл Крест комитетімен ынтымақтастықта жүзеге асырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *