Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түрік қарулы күштері 3 айда аймақта 380-тен астам лаңкесті залалсыздандырды

НҰР-СҰЛТАН, 09 желтоқсан. 1 қыркүйек пен 30 қараша аралығында Түрік қауіпсіздік күштері жүргізген терроризмге қарсы операциялар кезінде  КЖП-ның және осы қылмыстық ұйымның сириялық қанаты – YPG-ның  382 содырлары залалсыздандырылды. Бұл туралы Анадолу агенттігі хабарлайды.

Түрік қауіпсіздік күштері YPG / КЖП лаңкестеріне қарсы ішкі және шетелдерде қарқынды күресті жалғастыруда. Күз айларында жүргізілген операциялар кезінде Түрік қауіпсіздік күштері лаңкестер мен олардың жасырынған жерлеріне күшті соққы берді.

Анадолу агенттігінің хабарлауынша, 1 қыркүйек пен 30 қараша аралығында YPG / КЖП  лаңкестерінің шабуылдарынан 11 қауіпсіздік қызметкері мен үш жұмысшы қаза тапты.

Түркияда және шетелде жүргізілген терроризмге қарсы операциялар кезінде 382 содыр, оның ішінде қылмыстық ұйым жетекшілері залалсыздандырылды. Ұсталғандардың ішінде 165 адам сот шешімімен қамауға алынды.

1 қыркүйекте Түркияның ішкі істер министрлігі түркиялық Мардин провинциясында терроризмге қарсы Yıldırım-8 операциясын, 8 қыркүйекте Ван провинциясында Yıldırım – 10 операциясын, 11 қыркүйекте Сиирт провинциясында Yıldırım – 11 операциясын және 18 қыркүйекте Битлис провинциясында Yıldırım – 12  операциясын бастады.

Қазан айында Түрік қауіпсіздік күштері Битлис, Ван, Батман, Диярбакыр, Искендерун, Аманослар және Хаккари аймақтарында операциялар өткізді.

Операцияларға жандармерия мен қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері қатысты. Осы кезеңде содырлардың көптеген баспаналары жойылды.

Президент Режеп Тайып Ердоған 1984 жылдан бастап PKK содырлары Түркияда қанды қылмыс жасағаннан бастап, 2020 жылдың наурызына дейін 7500 түрік қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері мен 6800 бейбіт тұрғын осы қанды ұйымның қолынан қаза тапқанын айтты.

АҚШ пен Еуропа Одағы PKK-ны лаңкестік ұйымдар тізіміне енгізді.

Анкараның жағдайды шешу жолдарын іздеуге тырысқанына қарамастан, РКК лаңкестік ұйымы 2015 жылдың шілдесінен бастап қарулы шабуылдарды қайта бастады.

Сирияда РКК лаңкестері PYD және YPG аттарымен жамылып жүр, ал соңғы екі жылда өздерін «Сирия Демократиялық Күштері» деп атады.

Иранда РКК «Күрдістанның еркін өмір партиясы» (PJAK) ретінде әрекет етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *