АҚТӨБЕ, 11 желтоқсан. Биыл ақтөбелік жедел уәкілдер қылмыстық істер бойынша заттай дәлел ретінде 500 келіден астам есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл кептірілген марихуана, апиын, гашиш, қарасора және басқа да психотроптық заттар.
Заң бойынша, осы қылмыстық арсеналдың барлығы жойылуға жатады және Ақтөбе қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері осы іс-шараларды үнемі өткізіп тұрады.
Сотқа жіберілген істер бойынша есірткі құралдарын жою сот үкімі негізінде, ал тоқтатылған істер бойынша прокурордың келісімі негізінде жүзеге асырылады.
Есірткіні арнайы комиссия жояды, оның құрамына: прокурор, нарколог-дәрігер, сот орындаушысы, полиция бөлімінің кеңсе қызметкері және осы қылмыстық істер бойынша іс жүргізуді аяқтаған тергеуші кіреді. Комиссия төрағасы полиция бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары болып табылады.