НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан. Боко Харам тарапынан ұйымдастырылған қарулы шабуылда 10 әскер қаза тапты, деп TRT хабарлайды.
Нигерияның Борно уәлаятында террор ұйымы Боко Харам тарапынан ұйымдастырылған қарулы шабуылда 10 әскер қаза тапты.
Нигерия Қорғаныс министрлігі бүгін террорға бағытталған операцияларда 17 террористтің залалсыздандырылғанын хабарлады.
Боко Харам 2009 жылынан бері шабуыл ұйымдастырып келді. Қанды шабуылдарда 20 мыннан астам адам қаза тапты.
Ұйым 2015 жылынан осы таңға дейін көршілері Камерун, Чад және Нигерде де шабуылдар ұйымдастырған еді.