НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан. Нигерияның солтүстік-шығысында «Боко Харамның» тоғыз лаңкесі өлтірілді, деп хабарлайды Anadolu жаңалықтар агенттігі .
Нигерия қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, терроризмге қарсы операциялар Борно және Йобе штаттарында өтті.
Көптеген содырлар жарақаттанды, олар қашып үлгерді.
Операциялар барысында Нигерия әскерінің бір сарбазы қаза болды, лаңкестердің мотоциклдері мен көптеген оқ-дәрілері алынлы.
«Боко Харам» тобы Нигерия, Камерун, Чад және Нигерде 2000-шы жылдардың басынан бастап белсенді әрекет етеді. 2009 жылдан бастап 20 мыңнан астам адам осы қылмыстық ұйымның құрбаны болды.
Чад көлі аймағында кем дегенде екі мың адам лаңкестердің құрбаны болды.