НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан. Сириямен шекаралас Түркияның оңтүстігіндегі Хатай провинциясында Интерполдың қызыл циркулярымен іздеуде болған лаңкес ұсталды, деп жазады Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды.
Лаңкес Түркия аумағына заңсыз кірмек болған кезде ұсталды. Ол Франция азаматы.
Тергеу мүддесі үшін аты-жөні жарияланбаған лаңкес Сирияда әрекет еткен және негізінен шетелдік жалдамалылардан тұратын «Фыркатул Гурба» тобының мүшесі екені белгілі болды.
Ұстау кезінде лаңкес өзінің атын жасыруға тырысты. Содыр Рейханлы аудандық полиция бөліміне жеткізілді.