Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Дүниежүзілік банк Тәжікстан елінде экстремизмнің өсуі мүмкін екенін ескертті

НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан. Тәжікстан зорлық-зомбылық экстремизм мен гендерлік дискриминацияның түрлерінің өсуіне тап болуы мүмкін, деп Дүниежүзілік Банктің «Тәжікстан: covid-19 пандемиясының шыңында экстремизмге қарсы күрес» есебінде айтылған, деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан.

Құжатта коронавирустық пандемия кезінде шекараның жабылуына байланысты Тәжікстаннан мыңдаған мигранттар Ресейге жұмыс істеуге кете алмағаны атап көрсетілген.

Дүниежүзілік банктің мәліметінше, мұндай жағдай халық арасындағы депрессияны күшейтіп, нәтижесінде экстремизмнің өсуіне әкелуі мүмкін.

Алдын алу шаралары ретінде сарапшылар Тәжікстанда экстремист емес, бірақ санасын улауға осал жастар үшін алдын-алу бағдарламасын енгізуді ұсынады. Курс арнайы оқыту жобаларының кешенінен, психологиялық және әлеуметтік көмектен, бизнес пен іскерлік белсенділік үшін мүмкіншіліктерден тұратын болады.

Сонымен қатар, Дүниежүзілік банк экстремистерге айналғандар үшін, олардың көзқарастары мен идеологияларын өзгертуге бағытталған бағдарлама енгізудің маңыздылығына назар аударады.

Сондай-ақ, сарапшылар Тәжікстан билігі, полиция және қоғам арасындағы ынтымақтастық пен сенімді нығайту бағдарламасын іске асыруды  ұсынады .

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *