НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан.Новосібір қаласындағы Ленин аудандық соты Ресей Федерациясында тыйым салынған «Иегова куәгерлерінің» жергілікті қауымдастығының басшысын экстремистік ұйымның қызметін ұйымдастырғаны үшін алты жылға соттады. Бұл туралы бейсенбі күні Ресей Федерациясы Тергеу комитеті Новосибирск облысы бойынша тергеу басқармасы бастығының БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі аға көмекшісі Анастасия Кулешова мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС .
«Сот үкімімен сотталушыға жалпы режимдегі колонияда жазасын өтеумен алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — деді Кулешова.
Тергеу мен сот 2017 жылдың шілдесінен 2018 жылдың қыркүйегіне дейін ер адамнын өз пәтерінде діни кездесулер ұйымдастырғаны, онда экстремистік әдебиеттер оқулары мен пікірталастары өткізіліп, видео материалдар таратылып, діни рәсімдер өткізілгенін анықтады .
Ұйымның экстремистік қызметіне байланысты сот оны тарату туралы шешім қабылданды. Шешім заңды күшіне енді.