НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан.Нигерияның Борно провинциясындағы теракт үш адамның өмірін қиды, деп Анадолу агенттігіне қауіпсіздік күштеріндегі дереккөз хабарлады.
Кондуга ауданында жанкешті лаңкестік шабуыл жасады, салдарынан үш адам қаза тапты, алтауы жараланды.
Шабуыл үшін жауапкершілікті ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ. Алайда, бұл шабуылды «Боко Харам» лаңкестері жасаған болуы мүмкін.