Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

СҚО-да «спайс» синтетикалық есірткіні сатқан адам қамалды

ПЕТРОПАВЛ, 20 желтоқсан. Солтүстік Қазақстан облысында синтетикалық есірткі сатқан адам темір торға қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты “спайс” деген атпен белгілі синтетикалық есірткіні дайындап, өткізумен айналысқан 27 жастағы Петропавл қ. тұрғынын жеті жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ол көктемде полицияның назарына іліккен. Шілде айында мұқият жедел бақылауда ұстау нәтижесінде есірткі сатушы қылмыс үстінде ұсталды. Жеке тексеру кезінде одан үш грамм “спайс” табылды. Үйде тінту жүргізу барысында төрт грамнан астам концентрат пен 78 грамнан аса дайын есірткі алынды. Бұдан бөлек, грамдап өлшейтін таразы, зиплоктар (буып-түю материалдары), 800 мың теңгеден аса ақшалай қаражат, ақша аударымдары чектері алынды.

– “Спайс” синтетикалық каннабиноид, әсері күшті есірткінің бір түрі болып табылады, – деп түсіндіре кетті Петропавл қ. ПБ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Рахат Нұрахметов. – Алынған концентрат 200-ге жуық доза дайындауға жеткілікті. Қылмыскер ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 2-б. 3-т. (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотталды. Аталған тармақ ірі мөлшердегі заңсыз есірткі айналымын көздейді. Полицейлер ұсталғанның 16 жасынан бастап есірткі қолданатындығын нақтылайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *