НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан. Соңғы айда Түрік Қарулы Күштерінің терроризмге қарсы операциялары аясында тыйым салынған қарулы ұйымдардың 75 содыры жойылды. Бұл туралы Түркия қорғаныс министрлігінің жексенбі күнгі хабарламасында айтылған, деп жазады Анадолу агенттігі.
Жалпы есепті кезеңде Түркия көлемінде және шет елдерде 45, оның ішінде тоғызы ірі ауқымды операция өткізілді.
Сирияның солтүстігінде де лаңкестермен белсенді күрес жалғасып жатыр, онда бір айда ондаған лаңкес, соның ішінде ДАИШ-тың 29 содыры залалсыздандырылды.
Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі мемлекеттік шекараны бұзушыларға қарсы іс-қимылдың сәтті өтуіне де назар аударды.
«Бір ай ішінде Түркияның мемлекеттік шекарасын 34 898 бұзушылыққа жол берілмеді, 7 233 бұзушы ұсталды, оның ішінде Фетуллах Гүлен лаңкестік ұйымының 17 функционерлері бар», — делінген хабарламада.