НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан. «Старокозачье» халықаралық өткізу бекетінде (Одесса облысы) Украинаның құқық қорғау органдарының қызметкерлері 54 кг кокаин бар жүкті тоқтатты, деп Украинаның Мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады.
Украинаның «Южный теңіз портына» есірткі заттары Эквадордан жеміс-жидек салынған контейнермен келді.
«Құқық қорғау органдарының қызметкерлері «элиталық есірткінің» соңғы жеткізі пункті ЕО елдерінің бірі болатынын алдын-ала білді. Шекарашылар контейнерді жедел сүйемелдеуді жүзеге асырып , «Староказачье» халықаралық бақылау бекетінде Украина аумағынан есірткінің контрабандалық жүгін тоқтатты», — деп хабарлады Украинаның Мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметі.
Кокаиннің жалпы салмағы 54 келіні құрады. Есірткі 46 брикетке оралып, контейнердің желдеткіш люктеріне жасырылған. Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы бағамен есептелген құны 12 миллион долларға жетеді.
Украинаның шекара департаментінің баспасөз қызметі сонымен қатар 2020 жылы тәртіп сақшылары Одесса облысының порттарында бес жүз келіден астам кокаин тапқанын еске салды.
Еске салайық, осы жылдың наурыз айында Одесса портында контейнерден құны 3,6 миллион доллардан асатын отыз келіден астам кокаин табылған. 2020 жылдың қаңтарынан қыркүйек айына дейін Украинаның құқық қорғау органдары 379 келі есірткі тәркіледі .