Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Өскеменде есірткі жарнамалайтын 50-ден астам граффити жойылды

ӨСКЕМЕН, 21 желтоқсан. Өскемен қаласында полиция қызметкерлері есірткі жарнамалайтын 50-ден астам граффити-суретті жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «ВИКИНДА» қоғамдық қорының және ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының өкілдерімен бірлесіп, нашақорлықтың алдын алу және психотроптық заттардың таралуын болдырмау мақсатында Өскемен қаласының көшелерінде рейд жүргізді.

«Шаһардағы түрлі ғимараттар мен тұрғын үйлерді аралау кезінде синтетикалық психотроптық заттарды сататын сайттар көрсетілген 50-ден астам граффити-сурет анықталған. Тәртіп сақшылары бірден граффити-суреттерді жойды», — деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Оның айтуынша, осындай рейдттер үнемі жүргізіліп отырады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *