НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан.Ауғанстанда бомба тиелген көлікпен ұйымдастырылған шабуылда 3 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты, деп TRT жазады.
Ауғанстанның солтүстігіндегі Фариаб қаласының Девлет Абад ауданында Талибан сарбаздарының бомба тиелген көлікпен ұйымдастырылған шабуылда 3 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты.
Фариаб Қауіпсіздік басқармасы мәлімдемешісі Абдулкерим Юриш сарбаздардың Девлет Абал ауданы орталығында көлікке тиілген бомбаны жарып жібергенін айтты.
Жарылыста 3 қауіпсіздік қызметкерінің қаза тапқанын және 10 адамның жарақат алғанын білдірген Юриш шабуыл салдарынан аймақтағы үй және жұмыс арындарының зақымдалғанын атап өтті.