Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ақтөбе облысының полицейлері есірткі жарнамалаған 175 сайтты жапты 

АҚТӨБЕ, 24 желтоқсан. Биыл полиция есірткі жарнамалаған 175 сайтты жапты. Синтетикалық ескірткі затын сатқандарға қатысты 16 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық ПД бастығы Атығай Арыстанов әлеуметтік желіде өткен тікелей эфир кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстановтың халыққа есеп беру кездесуі онлайн өтті. Ведомство басшысы өңірдегі құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес шаралары туралы айтып берді. Биыл қылмыс саны азайды және криминогендік жағдай тұрақты.

«Өкініштісі биыл тіркелген әрбір алтыншы қылмыс алаяқтыққа байланысты болды. Әсіресе киім-кешек, автокөліктің қосалқы бөлшегін сатып алу кезінде тұрғындар жиі алданып жатыр. Деректерге сүйенсек, барлығы 1 мыңнан астам іс тіркелсе, оның 44% интернет алаяқтарына тиесілі. Биыл 38 күдікті ұсталды», — деді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов.

Өңірде бұрын жасалған 1 483 қылмыс ашылды. Оның 200-ден астамы өткен жылы тіркелген . Іздеуде жүрген 100 адам ұсталды.

«Балалар интернетті сауатты пайдаланады. Ата-аналар да мұны ескеріп, олардың өзге сайттарға кіріп кетпеуін қамтамасыз етуі керек. Биыл синтетикалық ескірткі сатқандарға қатысты 16 іс қозғалды. Барлығы 175 сайт жабылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады», — деді А.Атығай.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *