НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан. Екінші Батыс аудандық әскери соты Артём Козютинскийді интернет арқылы ұлтаралық қылмысқа шақырғаны үшін кінәлі деп тауып, үш жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС жазады .
«Сот Козютинскийді РФ Қылмыстық кодексінің 280 бабының 2 бөлігінің (интернет арқылы экстремистік әрекетке жария түрде шақыру) және 205.2 бабының 2 бөлігінің (интернет арқылы террористік әрекетке шақыру) төрт эпизоды бойынша кінәлі деп тапты және екі жылға белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салумен жалпы режимдегі колонияда үш жылға соттады», — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Үкім шығару кезінде сот Козютинскийдің кінәсін мойындауын және тергеумен ынтымақтастығын ескерді.
Козютинский террористік қылмыс жасады деп айыпталғандықтан, оның ісі әскери сотта қаралды.