НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан. Орынбор облысында 39 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Ол террористік қызметке жәрдемдескені үшін айыпталуда, деп Ресей Тергеу комитетінің аймақтық басқармасына сілтеме жасап REGNUM АА хабарлайды.
Тергеушілер бұл азамат пен оның әйелі банктік карталарды пайдаланып ақша жинап, «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымына (Қазақстан Республикасында қызметіне тыйым салынған ұйым) мүше адамдарға аударған деп санайды . Қылмыстық іс айыптау қорытындысын бекіту үшін прокурорға жіберілді.
Сот қазірдің өзінде азаматтың әйеліне қатысты қылмыстық істі қарап жатыр.
Бұл лаңкестерге жәрдемдесуге қатысты алғашқы сот процесі емес. Ресейдің әр түрлі аймақтарындағы соттар лаңкестердің сыбайластарына да, әртүрлі террористік ұйымдардың мүшелеріне де қатысты үкімдер шығарады.