НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан. Тамбовта лаңкестік әрекет жасауды жоспарлаған 17 жасар жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды РИА Новости ресейлік ФҚҚ-ға сілтеме жасап.
«ФҚҚ Тамбов қаласында лаңкестік шабуылдың алдын алды. Осы қылмысты дайындауға қатысқан 2003 жылы туған Ресей азаматы ұсталды», — делінген хабарламада.
Оның жалдамалы пәтерінен жарылғыш заттар мен бомба жасауға арналған компоненттер тәркіленді. Жас жігіт, жедел мәліметтерге сәйкес, жарылғыш затты интернеттегі нұсқаулар бойынша жинаған.
Қылмыстың себептері әлі белгісіз, бірақ тергеу комитеті ұсталған «деструктивті субмәдениеттердің» жақтаушысы болған деп мәлімдеді.
Лаңкестік әрекет дайындау бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.
2020 жылы арнайы қызметтер дайындық кезеңінде 61 лаңкестік бағыттағы қылмыстың, оның ішінде 41 лаңкестік актінің алдын алды.