НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан. Сенбі күні Пәкістанның оңтүстік-батысында Белуджистан провинциясындағы Панджгур ауданындағы футбол алаңының жанында бомба жарылысы болып, екі адам қаза тауып, сегізі жарақат алды. Бұл туралы провинция үкіметінің баспасөз хатшысы Лиакват Шахваниге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.
Жарылыс ойыншылар мен футбол матч үшін стадионға келгендердің тарала бастаған кезде болған, деп хабарлады баспасөз хатшысы.
Оның айтуынша, зардап шеккендердің арасында матчты ойнаған және тамашалаған ауданның орта мектебінің ұлдары болған. Жарақат алғандар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді, олардың кейбірінің жағдайы ауыр.
Өзінің жасырын болуын қалаған жергілікті полициядағы дереккөз, жарылыс оқиға орнынан қашып кеткен белгісіз қарулы адамдар мотоциклге орнатылған жарылғыш заттан болғанын айтты.
Полиция оқиғаға байланысты тергеу бастады, аумақты қоршауға алды.
Әзірге бірде-бір топ немесе жеке адам бұл шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.