Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Польшада лаңкестерге қаржылай жәрдем көрсетті деген күдікпен Ирак азаматтары ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан.Польшаның Ішкі қауіпсіздік агенттігінің қызметкерлері террористік ұйымдарға қаржылай көмек көрсетті деген күдікпен осы елде тұратын Ирактың екі азаматын ұстады. Бұл туралы Polskie Radio 24-ке сілтеме жасап  REGNUM АА  хабарлады.

Польша құпия қызметтерінің үйлестірушісі Станислав Жарин құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұсталған екі Ирак азаматы өз қаражаттарын «Ислам мемлекетіне» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) жәрдем ретінде берді деп айтуға толық негіз бар деп мәлімдеді.

 «Біздің ақпаратымыз бойынша, олар 2015 жылдың ақпан айынан 2016 жылдың сәуір айына дейін террористерге ақша аударуы мүмкін еді», — деді ол.

Кінәсі дәлелденсе, олар террористік қылмыстарды қаржыландырғаны үшін екі жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *