НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан.Азез ауданында көлікке тиелген бомбамен ұйымдастырылған шабуылда 2 адам жарақат алды, деп TRT жазады.
Сирияның солтүстігінде оппозициялардың бақылауындағы Азез ауданында көлікке тиелген бомбамен ұйымдастырылған шабуылда 2 адам жарақат алды.
Килис провинциясының қарсы жағында орын алған Азез ауданы орталығында таңғы уақыттарда бір дүкеннің алдына тасталған бомба жарылды. Жарылыста ешбір адам қаза тапқан жоқ. Бірақ маңы зақымдалды,
Азез ауданының Соран қалашығында жасалған террористтік шабуылда болса көлікке тиелген бомбаның жарылуы кесірінен 2 адам жарақат алды.
Қауіпсіздік қайнар көздері террордан құтқарылған аймақтарда бомба шабуылдың КЖП террор ұйымы тарапынан жасалғанына назар аударды.