НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан.Йеменннің ең ірі қалаларының бірі Аден әуежайында үш бірдей жарылыс болды. Оқиға үкіметтің жаңадан жасақталған құрамы ұшып келген кезде болған. Бұл туралы Al Arabiya-ға сілтеме жасап 24.kz хабарлайды.
Басылым мәліметінше, жарылыс министрлер ұшақтан түсетін кезде әуежай терминалында болған. Көз жұмғандар мен зардап шеккендер көп көрінеді. БАҚ-та атыс болғаны туралы да ақпарат тарауда.
Йемен үкіметінің өкілдері жарақат алмаған, олар Адендегі Әл-Машиктегі сарайға жеткізілген.