НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан. Ресей аумағында заңсыз айналымнан Оңтүстік Америкадан жеткізілген кем дегенде 330 кг кокаин тәркіленді. Бұл елдің Федералды қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері АҚШ әділет министрлігінің есірткіге қарсы күрес басқармасымен бірлесіп өткізген есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ірі арнайы операцияның нәтижесі. Бұл туралы ФҚҚ қоғаммен байланыс орталығына сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады.
Операция бірнеше кезеңде жүргізілгені көрсетілген. Наурыз айында Санкт-Петербургте 1 кг кокаин бар курьер ұсталды. Сонымен бірге, шетелдік серіктестермен тығыз ынтымақтастықта ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшелері — бірнеше мемлекеттің азаматтары анықталды, деп толықтырды ФҚҚ.
Маусым айында дәл осындай операция аясында Мәскеуде 34 келі есірткі тәркіленді. Қараша айында Мәскеу облысында кемінде 295 кг кокаин бар жасырын орын табылды.
Кокаин Оңтүстік Америкадан Ресейге де, басқа Еуропа елдеріне де жеткізілгені белгілі. Қылмыскерлердің табысы 1 миллиард рубльді құрауы мүмкін еді. Трансшекаралық есірткі тобының мүшелеріне қатысты қылмыстық істер қозғалды, айыпталушылар қамауға алынды.
REGNUM хабарлағандай , Ресейде 2020 жылдың он айында полиция қызметкерлері 139 есірткі зертханаларын жойды. Олар негізінен синтетикалық есірткілерді шығарды. Сондай-ақ осы кезеңде 130 мыңға жуық есірткі қылмысы анықталды, 12 тонна тыйым салынған заттар тәркіленді.