НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан.Сирияда лаңкестер бейбіт тұрғындар мінген автобусқа шабуыл жасады, 40-тан астам адам қаза тауып, жарақат алды, деп SANA агенттігіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлайды.
Автобусқа шабуыл Дейр-эз-Зор-Пальмира тас жолында түс қайта жасалды. 28 бейбіт тұрғын қаза тапты, тағы 13 адам жараланды.
«Шамамен сағат 16:00-де Дейр-эз-Зор-Пальмира тас жолында Кабажеб елді мекені маңында автобусқа лаңкестік шабуыл жасалды. Нәтижесінде 28 адам қаза тауып, 13 адам жарақат алды», — деп хабарлайды агенттік.
Ақпарат нақтылануда.